ОҚО-да Орта Азияда теңдесі жоқ сиыр фермасы бар

Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» компаниясы өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарларының фермасын іске қосқан. Швециялық супер заманауи технологиямен салынған қоралардың ерекшелігі, сиырларды күтіп баптап, сүтін сауу жұмыстарына адам баласын араластырмайды.Желіні толған сиырларды компютер құлағында орналасқан «чиптер» арқылы біліп, сауын жайына апарады. Ол жерде арнайы роботтар сиырдың желінін жуып, дәрілеп, сауып, қайта жібереді. Ақылды робот тіпті, сиыр тұрған жерді де дәрілеп жуып тастайды екен.

Сиыр арнайы сауын орнына келді.Компютер сиырдың желінінде қанша литр сүт бар екенін көрсетіп тұр.«Бұл жерде сиыр астын ешқандай адам қолмен тазаламайды. Өйткені, әрбір сиырдың өзінің жатын орны бар. Ол жатқан жерін бүлдіре алмайды. Ал, бүлдіретін жерлерді арнайы құрылғы тазалап отырады. Сондай-ақ, қорада сиырлардың үстін қаситын қондырғы да орнатылған. Жазды күнгі аптап ыстықта қора жабылып желдеткіштер іске қосылады. Оған қоса, су себетін құралдар да төбеден себелеп тұрады. Яғни, сол құрылғылардың көмегімен 40-45 градуыстық шілде де қора ішінде 25-30 градустық салқындық сақталады»,- дейді «Бөрте Милка» компаниясының директоры Нұралы Әбіш.

Сиырдың арнайы жатын орны.Сиыр фермасындағы желдеткіш.Су бүркейтін құрылғы.

Малдың астын тазалайтын құрылғы.

Бұл жобаға құйылған инвестиция көлемі 2,4 миллиардты құрайды. Қазір мұнда Голландияның сүтті бағыттағы 700-ге жуық сиыры бар. Оларға ақылды 6 робот қызмет етеді. Роботтар 360 сиырды бір күнде сауады екен. Әр ірі қара күніне 30 литрге дейін сүт беретін көрінеді. Бір тәулікте бұл фермада 10 тонна сүт өндіріледі. Мұнда тағы 300 сиыр буаз. Сондытқан алда 4 қораны іске қосуды жоспарлап отыр фермерлер.Ал, малдың жем-шөбін компания басшылығы Ордабасы ауданындағы шаруа қожалықтарынан алады. Тіпті, шаруа қожалықтарымен  келісім-шарт жасасып, «фючерлік» негізде алдын-ала ақшасының белгілі бір бөлігін төлеп те қояды екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*