Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

«Еңбек ардагері» медалімен сан-салада еңбек өтілі 40 жылдан асатын, соның ішінде бір салада 10 жылдан астам жұмыс істеген, сондай-ақ еңбек жолында ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізген зейнеткерлер мен үздік еңбеккерлер марапатталады. Осындай құрметке бүгін 9 ардагер ие болды. Жоғары кәсібилік, саладағы көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттілігі, әлеуметтік-еңбек саласына елеулі үлес қосқаны үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек еткен 35 ардагерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хаты табысталды.

Мерекелік жиынға келгендерді құттықтаған Тамара Дүйсенова, еңбек-әлеуметтік салаға еңбек сіңірген әрбір ардагердің табанды еңбегі мен қосқан үлесіне жекелеп тоқталды. 

«Сіздердің әрбіріңіздің есімдеріңіз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарихына алтын әріптермен жазылған! Сіздер, бүгінде қолданыстағы әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесі, әлеуметтік көмек, еңбек қорғау, еңбекті нормалау және еңбек төлемдері, халықты жұмыспен қамту бағыттарының негізін салдыңыздар. Әлеуметтік-еңбек саласының дамуы мен оған қосқан зор үлестеріңіз және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ат салысқандарыңыз үшін айтар алғысым шексіз», — деп атап өтті Тамара Қамысқызы.

Еске сала кету керек, Еңбек күні мерекесін қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өту 2013 жылдың 22 қарашасында Елбасы Жарлығымен бекітілді. Мереке мақсаты — Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеясының аясында өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау мен еңбек әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. 

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні Мемлекет басшысының 2011 жылдың 20 қазанындағы Жарлығымен бекітілген болатын. Бұл Елбасының зейнеткерлердің игілігіне қызмет етіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға баға жетпес көмек көрсетіп отырған азаматтарға деген құрметі мен қамқорлығы саналады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*