ОҚО-да алғаш рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті

Бүгін  Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы рет  «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аграрлы аймақтың шаруалары  мемлекеттің қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында биыл егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтады. Мерекелік шараға  ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары  мен  сала мамандары бастаған  жалпы  8  мыңға жуық адам қатысқанын айта кету керек.Облыс  әкімі  Жансейіт Түймебаев бастаған фестиваль қонақтары алдымен ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін айшықтайтын көрмемен танысып шықты. Сонымен қатар, көрмеде халықтың назарына ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлері  мен  озық  техникалар ұсынылғанын да айт кеткен жөн. Фестиваль аясында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде облыстың барлық аудандарынан жиналған  жалпы көлемі 182 тонна табиғи таза өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағамен жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ шара барысында Ж. Түймебаев жыл бойына тынымсыз еңбек еткен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен  құттықтап, аталған салада белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген шаруалар мен аудандарды марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*