Медиация кеңесінің көшпелі отырысы Сайрам ауданында өтті

Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы №9 колледжде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыстық аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева, Леңгір қалалық әжелер алқасының төрайымы Күлбазар Есенова, репродуктивтік денсаулық саласы бойынша педагог Гүлжан Айберова және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, педагогтар мен оқу орнының студенттері қатысты.Сонымен қатар, басқосуда ұрпақ тәрбиесі мен отбасын сақтауда аналардың жауапкершілігі кеңінен сөз болғанын айта кету керек. Сонымен қатар, жастар арасындағы суицид, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, отбасындағы агрессивті мінез-құлық сынды қоғамдағы өзекті мәселелер қаралып, оның алдын алу жайы талқыланды. Отырыс барысында психолог-педагог Гүлжан Қасымбекқызы «Өтпелі жастағы жастар: репродуктивтік денсаулық бойынша құқықтары» атты тақырыпта тренинг өткізіп, жастармен еркін пікір алмасты. Жиынды қорытындылаған колледж директоры Болат Жанәбіл тәрбиелік мәні зор жиынды ұйымдастырушыларға мен қонақтарға алғысын білдірді

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*