ОҚО-да ауылдық округтердің дербес бюджеті талқыланған республикалық форум өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» тақырыбында республикалық форум өз жұмысын бастады. Форум жұмысына облыс әкімі Ж.Түймебаев, Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Қаржы вице-министрі  Берік Шолпанқұлов, БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел мен сарапшылар және саясаткерлер,  Алматы, Жамбыл, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл әкімдері жалпы саны 400-ден астам адам қатысуда.Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді тапсырған болатын. Еліміздегі ауыл әкімдерінің басын қосқан жиынның ашылуында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев осындай ауқымды форумды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдеріне алғыс айтты.«Ауыл әкімдерінің рөлін күшейту бойынша жұмыс жалғасуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту қажеттігін атап өткен еді. Бүгінде облыста дербес бюджетке көшу үшін жан-жақты дайындық  жұмыстар атқарылды. Аймақта салық салу базасын нақтылау мақсатында мемлекеттік дерекқорлар туралы мәліметтер салыстырып, жаңартылды. Жылжымайтын мүлік бойынша тіркелмеген нысандардың иелерін әділет органдарына тіркеу іске асырылды. Бұл ауылдық округтердің табысын арттырады»,-деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*