ОҚО-да егіс көлемі 29 мың гектарға артқан

ОҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға, жылыжайлар 171 га салынып, жалпы 1 294 гектардан асты. Осынау жетістіктің бәрі өңірдегі еңбекқор шаруалардың ерен еңбегі деп білеміз.Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтті. Осындай жетістікке жеткен еңбек иелерінің ерлігіне құрметпен қарау мақсатында күзгі мерекені «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі түрінде айырықша атап өту облыс әкімінің бастамасымен қолға алынып отыр. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы бағытта қалыптасып, республиканы ғана емес, шетелді  де өзінің ерекше өнімдерімен таңқалдырып келеді. Табиғаттың төрт мезгілі тепе-тең сақталып, күн нұрына бөленген өнегелі өлкеде төгілген адал тердің бір тамшысы да елеусіз кетпек емес.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*