Бағдат Төлегенов: Қазақстан мен Қырғызстан 43 тармақ бойынша бір мәмілеге келіп отыр

Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлықтық жағдайдың минустарын азайтады. Осы мақсатта кеше Қазақстанның Премьер-министр өз ойын айтты. «Біз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жол картасын әзірлеп жатырмыз 43 тармақ бойынша бір мәмілеге келіп отырмыз. Біздің қызметтер оларды одан әрі жүзеге асырумен айналысады», — деді Бақытжан Сағынтаев. Ал, Қырғызстанның Үкімет басшысы Сапар Исақов асығыс шешім шығармай, арнайы мәлімдеме жасайтынын айтты. Шекара мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Десе де, Бақытжан Сағынтаевтің ұстанған саясатын қолдауға лайық. Яғни арнайы бағдарлама дайындап, екі жаққа да тиімді әрекет етуі ішімді жылытады. 48 тармақты жол картасынің ішінде көлік тасымалы, сауда-саттық, екі жақты байланысты одан әрі дамытуға сеп болады деп ойлаймын. Оған, екі мемлекеттің де билігі ынталы болып отыр. Себебі, Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков билікке келгелі екі тараптың үкімет басшылар екі рет бас қосып, ортақ мәмлеге келу үшін әрекет жасауда.

Бағдат Төлегенов экономист-сарапшы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*