Қазақ пен қырғыз арасында тығыз дипломатиялық байланыс орнаған

Қырғыз билігінен кеткен Алмазбек Атамбаев әлі де болса, ішкі наразылығын жасыра алмай келеді. Алайда, Атамбаевтің пікірін қызғыз сарапшылары қолдамайды. Себебі, екі мемлекеттің арасындағы байланыстың орнағанына біршама уақыт болды. Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түсіру мүмкін емес. Ортақ тарихы бар. Бүгіні мен болашағын бірге бағамдап, дамудық даңғыл жолына түскен көршілес мемлекеттер. Осының арқасында, тығыз дипломатиялық байланыс орнаған. Мәселен, екі ел арасындағы жүргізілген келіссөз шекара мәселесін реттеп, екі ел азаматтарынан еркін байланысын орнатуға бағытталып отыр. Ол үшін жол картасы дайындалып жатыр. Бұл екі жаққа да тиімді жоба болады деп күтеміз. Себебі, ішкі-сыртқы байланысы біте қайнаған екі мемлекеттің тұрғындарына билік басындағылар тұрақтылықты қамтамасыз етуі аса қажет. Осы бағыттағы еліміздің үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтің жасаған мәлімдемелері көңілге қонымды.

Лаура Жүніс – «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*