Фариза Табылдиева: Көршіңмен тату болу, екі елдің ынтымағын бекемдеп, бірлікте өмір сүруін қамтамасыз етеді

Қырғыз халқының арғы-бергі тарихында ол елге қазақтай тату, қазақтай жақын ел болмаған шығар. Сондықтан біз екі халықтың ежелден тарихы мен тамыры бір, діні ортақ, тілі де ұқсас, мәдениеті де егіз деп білеміз. Осы тығыз байланыстың көрінісін кешегі екі мемлекеттің үкімет басшыларының кездесуіне көруге болады. Қазақ-қырғыз халықтары арасында арнайы жол картасы дайындалып жатыр. Онда, экономиканы дамытуға бағытталған сауда-саттық, көлік қатынасы қарастырылған. Енді, осы бағдарлама бойынша нақты қадамдар жасалатын болады. Әрі, қазақ-қырғыз шекарасында еркін кіріп-шығу жайы да реттелмекші. Бұл, екі ел арасындағы байланыс қана емес, қаншама азаматтардың сауда-саттық жасап, жан бағуына жағдай жасалады деген сөз. Көршіңмен тату болу, екі елдің ынтымағын бекемдеп, бірлікте өмір сүруін қамтамасыз етеді. Сондықтан, мен Қазақстанның азаматы ретінде екі елдің бүгінгі байланыстары дұрыс бағытта жұмыс жасап жатқаны ішімді жылытады.

Фариза Табылдиева – «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*