Ж.Түймебаев: Елбасымыздың латын әліпбиіне қатысты Жарлығы еліміздегі ең басты оқиғалардың бірі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша отандастарды қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуімен құттықтағанын айта кету керек. Бұл туралы өңір басшысы Астана мен Алматы қаласынан келген белді  тарихшы,  ғалымдар мен қоғамтанушылар қатысқан басқосуда мәлімдеді.«Кеше Елбасымыз қабылдаған латын әліпбиіне  көшу  туралы Жарлығын Қазақстан Республикасындағы ең үлкен оқиғаның бірі деп айтуға болады. Мұндай әліпбимен  қазір дүниенің  90 пайызы деп айтуға болады пайдаланады. Осындай  қауымдастықтың ішінде Қазақстан да  жүруі керек. Бұл латын әліпбиін қолдануды біз жаңадан бастап жатқан жоқпыз. Өткен ғасырдан тәжірбиеміз бар. 1929-1940 жыл арасында біздің әкелеріміз бен аталарымыз осы жазуды  қолданған болатын. Міне, Президентіміз осы қаріпке көшуді қайта жаңғыртып, ұсынылған латын әліпбиінің жаңа  нұсқасын бекітті»,-деді аймақ басшысы.Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстарда кедергілер болмайтынын айтып өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*