ОҚО-ға «Интеллект-эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының өкілдері келді

ОҚО әкімдігінде өткен жиында «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры, тарих ғылымының докторы, профессор, академик — Саттар Мәжітов, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик — Дина Жүсібалиева, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры, филология ғылымының докторы, академик — Гүлмира Білялова, «Әлеуметтік зерттеулер жөніндегі әйелдер қауымдастығы» ҚБ президенті, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кафедра доценті, әлеуметтік ғылымдарының кандидаты, академик — Тамара Климова, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының , «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылым» кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты — Мендығаным Шаймерденова және 12 сарапшылар мен ғалымдар қатысып отыр.Сонымен қатар, кездесуде тараптар Оңтүстік Қазақстан облысында рухани жаңғыру бойынша арнайы жобалардың іске асырылуы мен оның қазақстандық және халықаралық деңгейде насихатталу жайын сөз етті.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында іске асатын жобалар «Интеллект-эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының өкілдерімен бірге жүзеге асатын болады. Олар облыста этносаралық қарым-қатынасты, рухани құндылық пен мәдениеттің табиғатын, өңірдің миграциялық, яғни көші-қон процестері мен қоғамдық сананы жаңғырту жолдарын халықаралық тәжірибеге сүйене отырып зерттеу және сараптау жұмыстарын жүргізетін болады. Өтетін іс-шараларға әлемдік және қазақстандық тәжірибелері мол ғалымдар мен сарапшылар және  Оңтүстік Қазақстан облысының мамандары қатысады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*