Түркияның судьялары мен прокурорларынан құралған делегация оңтүстіктегі рухани орындарды аралады

Түркия Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Исмаил Рюштю Джирит және бас прокуроры Мехмет Акарджа бастаған делегация Отырар ауданы мен Түркістан қаласына келді.
Ең бірінші кезекте, Отырар ауданындағы рухани, қасиетті мекенге табан тіреген Түркия Жоғары кассациялық сотының Бас республикалық прокуроры Мехмет Акарджа, Түркияның Әділет министрінің орынбасары Шабан Йылмаз, сондай-ақ бірқатар судьялар мен прокуратура және әділет органдарының өкілдері Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, тарихи тұлғалар рухына тағзым етті. Əбу Насыр әл-Фараби, Бейбарыс бабалардың топырағы қойылған құлпытас белгісінің басына құран бағыштаған Түрік делегаттары көнермес мұра болып қатталған бабалардың өмір тарихына қанықты. Түркі елдерінің үзілмес беріктігі мен басын біріктірер бауырластық байланысы рухани əлеммен де беки түскені анық. Яссауи ғұмырнамасының тарихилығымен тығыз байланысты Арыстанбаб қасиеті мен түркі əлеміне ортақ қасиеті ұрпақ баласының да ескірмес берік татулығын танытады.
Осы орайда, алыстан баба əруағына құран бағыштауға асыға жеткен ресми қонақтарды Отырар ауданының əкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы құшақ жая қарсы алып, қойнауы тарихқа тұнған ордалы Отырардың меймандостығы мен киелі қасиетін көрсетті.
Аудан тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен жасақталған шежірелі көрмемен таныстырған аудан басшысы, өлкенің өркениетті бейнесін танытатын қолөнер бұйымдарын сыйға тартып, ескірмес естеліктер сыйлады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*