Орынбай Рахманбердиев:Елбасы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы тағылымды шешім қабылдады

Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда қызу талқыға түскен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең кезеңімен және жүйелі түрде көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Елбасының бұл тарихи әрі саяси шешімі оңтүстікқазақстандықтардың да ерекше қолдауына ие болғанын айта кеткен жөн. Осынау тағлымды шешімді қолдау мақсатында бір топ оңтүстікқазақстандық зиялылар Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлының атына арнайы хаттар жолдап жатыр. Солардың бірін —   Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамбелеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев те жолдап отырғанын айта кету керек.

«Құрметті аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз өткен аптада қазақ мәдениеті мен руханияты үшін талай уақыттан бері қоғам талқысында жүрген қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы тағылымды шешім қабылдадыңыз. Күн тәртібіндегі мәселені ғалымдармен, сала мамандарымен ақылдасып, көпшілік мақұлдаған жаңа әліпбиді бекітіп бердіңіз» , — дейді өз хатында Орынбай Рахманбердиев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*