ОҚМУ жастары Елбасының латын графикасына көшу жайлы Жарлығын қолдап үндеу жариялады

Оңтүстіктің ізденімпаз жастары латын графикасына көшу заман талабы екенін жақсы ұғынады. Себебі, бүгінгі жаһандағы ғылым, білім, сандық технология, инновациялық жобалардың дені латын әріптерімен жазылып отырғаны жасырын емес. Елбасы жарлығына орай бүгін Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студент жастары «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады» деген  арнайы үндеу жариялағанын айта кету керек.Онда :«Қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз» делінген.

Бүгінде əлемнің 70 пайызға жуық елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми-зерттеулермен айналысады.  Яғни, білім, ғылым, саясат пен техника, мəдениет пен өнер, тағы басқа да салаларға қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде жұртшылыққа таралады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*