«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» халықаралық конференциясына келген делегаттар тарихи орындарды аралады

Түркістан қаласында өтетін «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы Түркі елінің делегаттары тарихи орындарды аралады. Осы орайда, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне барып, баба рухына құран бағыштаған делегаттар Түркі жұртының мəңгілік тарихы саналатын кесене жəне құнды деректермен танысты.Күні ертең бауырлас елдер басын қосатын конференцияға Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысады. Конференцияның мақсаты-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жəне «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында киелі жерлерді таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату, түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларының түркі халықтары тарихындағы орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*