ОҚО-дағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешіміне қолдау білдірді

Бүгін облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен дөңгелек үстелде латын графикасына көшу процесінде этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттер кеңінен сөз болды.
Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қоюын тарихи әрі саяси маңызды шешім деп бағалаған этномәдени бірлестіктердің төрағалары кезең кезеңімен жүзеге асатын байыпты бастамаға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.— Елбасы қазақстандықтардың алдына қойып отырған мерейлі міндеттерді нәтижелі іске асыруға білек сыбана кірісеміз. Латын графикасына негізделген әліпбиді әрбір азаматқа ұғынықты ұғындыру үшін сала мамандарымен бірлесе жұмыс істейміз. Жаңа әліпби арқылы дамудың даңғыл жолына түсуді көздеп отырған барша отандастырымызбен бірге бір сапта бой түзеп, рухани жаңғыруға нақтылы қадам жасаймыз, — деді жиында сөз алған облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Гузаль Темирова.
Ал, облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуі қазақстандықтардың берекелі бірлігін одан әрі нығайтып, мемлекетіміздің дамуына жол ашатындығын алға тарты.
Облыстық түрік этномәдени бірлестігі жастар қанатаның мүшесі Феруза Карипованың айтуынша әліпби нұсқасы әбден пысықталып жасалғанын, сондықтан латын графикасында жазу жастар үшін мүлдем қиындық тудырмайды. Оның ойынша бұл қадам елімізде жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді.
Жиынды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов қорытындылап, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында ассамблея алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*