ОҚО-да құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Айта кету керек комиссия қызметінің мақсаты – құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылатынын айтқан аймақ басшысы мәжілісте облыстық ішкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі бастықтарының 9 айлық есебі тыңдалатынын жеткізді.Бірінші болып сөз алған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тоғыз айда департамент тарапынан облыс аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бағытында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті.

«Жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 13,6 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, жекелеген қылмыстың түрлері де азайған. Жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 5,4 пайызға және басқа да қылмыс санаттары мен түрлерінің ашылымы жақсарып келеді»,-деді Ж.Сүлейменов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*