ОҚО-да жалпы қылмыс саны 13,6 пайызға төмендеген

ОҚО-дағы жергілікті полиция қызметі — облыстың қылмыстылық жағдайын төмендетуді басты мақсатқа қойып отырғанын айтқан облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Абдығани Сейдуалиев облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтты.

Мәселен, қоғамдық тәртіпті сақтау, жасөспірімдер  қылмысының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі құқық қорғау органдарымен бірлесе жергілікті полиция қызметі 22 әртүрлі («Құқықтәртібі», «Қадағалау», «Жасөспірім» «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар» т.б.) кең-көлемді  жедел алдын-алу шараларын ұйымдастыған.

Аталған іс-шаралардың нәтижесінде облыстағы жедел жағдай тұрақты болып, қылмыстар саны төмендеген. Атап айтар болсақ, жалпы қылмыстардың саны 13,6 пайызға, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау 12,4 пайызға, мал ұрлығы 18,8 пайызға  төмендеп отыр.

Мәжілісте баяндамашыларды тыңдаған аймақ басшысы отырыста облыс халқының әр біріне қатысты, маңызды мәселелер талқыланғанын айтып, қылмысты болдырмау бір құқық қорғау органдары ғана емес барлығымыз қоғам болып бірлесе жұмыс атқару қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, әкім қылмысты болдырмау үшін жасақталаған алдын алу іс-шаралардың тиімділігін зерделеп, жаңа әдіс-тәсілдерді әзірлеу  бойынша тапсырмалар беріп, жауапты сала басшыларына ведомствоаралық комиссия жанынан жұмысшы топ құрылуын жүктеді. Сондай-ақ, ол жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.         

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*