Мақтааралда жаңа әліпбиді насихаттау жүйелі түрде жүруде

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы 26-қазан күні Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшу істері жүргізілетін болды.

Жақында ғана қаламыздағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық колледжінде латын әліпбиіне көшу жөнінде «Дөңгелек үстел» өткізілді. Сәуір айынан бері Президенттің рухани жаңғыру туралы мақаласын қолдау-қуаттау жөнінде жергілікті БАҚ-та 220-дан астам мақалалар, хабарлар берілді. Оның ішінде латын әліпбиіне көшу жөнінде 50-ге тарта мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының келісімімен аудан әкімі бекіткен 11 қыркүйек пен 1 қараша аралығындағы желілік кесте бойынша 102 мәдени-көпшілік, спорттық насихаттық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Енді ағымдағы жылдың 27 қазанынан бастап 2 қарашаға дейін латын әліпбиіне көшу жөнінде Президент Жарлығын насихаттау бойынша,оны тұрғындарға жеткізу жөнінде арнайы желілік іс-шаралар бекітіледі. Осыған байланысты, білім беру мекемелері, клубтар, кітапханалар, қала,кенттер мен ауылдық округтерінде, елді мекендерде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары бойынша түрлі деңгейде іс-шаралар қабылдап, ұйымдастыру керек. Өткізілген іс-шаралардың хаттамалары мен фотосуреттерін мерзімінде әрі сапалы түрде аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсыру керек.

Пердеш ЕСЕНБЕКОВ- Мақтаарал аудандық ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*