Шымкент қаласын дамытудың жобасы талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.  Жиынға  Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас және Төлеби аудандары мен Шымкент, Арыс қалаларының басшылары, сәулет және қала құрылысы,  облыстық басқарма басшылары қатысты.Жиында сөз алған Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығының бас директоры Тұрлыбек Мұсабаев  Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы әзірленгенін жеткізді.«Әзірленген жобаға сәйкес Шымкент агломерациясының аумағы 1573,5 мың гектарды құрайды. Шымкент агломерациясының аумағында 1,8 млн. тұрғыны  бар 367 елді мекен орналасқан. Бұдан бөлек, 5 мыңнан астам тұрғыны бар 35 елді мекеннің бас жоспары жасақталып отыр», — деді Тұрлыбек Түрікпенұлы.

Жаңа әзірленген жобаға сәйкес  2020 жылға қарай  Шымкент агломерациясына жататын аумақта халық саны 185093 адамға немесе 10,3 пайызға артып,  1 986 087 адамды құрайды деген болжам жасалып отыр.  Ал  2030 жылға қаладағы халық саны  534 779-ға көбейіп,  2 млн 335 мың 773 адамды құрайды деп болжамдануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*