ОҚО-да жас ақындар сынға түсті

Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Жыр тұнған жүрек» облыстық жыр мүшəйрасы өтті. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға өңіріміздің аудан, қалаларынан 28 жас жазба ақындар қатысып, егеменді ел жетістіктері мен облыстың қадір-қасиетін жырға қосты.«Тəуелсіздігім-тірегім», » Оңтүстігім-жыр елім» тақырыптары аясында өлең өрген жас сөз зергерлерінің шығармалары сарапқа салынып бас жүлде М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті Нүркен Нұрғазыға берілді. Бірінші орынды төлебилік Қанығали Боранбай иемденсе, екінші орын М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті Бекзат Нұртайдың еншісіне бұйырды. Үшінді орынға Отырар ауданы, Шəуілдір ауылынан Балнұр Балтабайқызы ие болды. Жеңімпаздарға облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Əділханов Нұрлан Ыдырысұлының алғыс хаты жəне қаржылай сыйлықтар табысталды.«Қаншама ақыны мен дарыны туған күнгей өлкенің жас таланттарын ел ішінен іздеп табу, оларға қолдау көрсету облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының негізгі міндеті болса, ағымдағы жылдың 20-31 қазан аралығында өткізілген жыр мүшайрасының да мақсаты қаламынан қара өлең тудырған жаңа толқын ақындарды тану, іріктеу, аға буын өкілдерімен пікір алмастыра отырып, шығармашылық ізденісті арттыруға жағдай жасау. Шара алдағы уақытта дəстүрлі түрде өтіп отырады»-дейді, аталған орталық директорының орынбасары Жорабеков Берік Əбдіқадырұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*