Оңтүстік Қазақстанның мәслихатына сайланған төрт азамат депутат мандатын алды

Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 16-шы сессиясында бос орындарға сайланған 4 азаматқа депутат мандаты берілді. Яғни, облыстық мәслихаттың депутаты мандатын № 11 облыстық сайлау округінен сайланған   «Ұлы Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Қайрат Сүлейменов,  № 35 сайлау округі  округі  бойынша  «SAURANgroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі Әбдірашит Омаров, № 49 сайлау округі  бойынша  «Хамит» АӨК басқармасы төрағасы Бақытжан Серманиязов, № 50 сайлау округі  бойынша  Қазақстан инженерлі-педагогикалық  «Халықтар достығы» университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова алды.Сессия жұмысына облыс әкімі, облыс әкімдігінің мүшелері, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдары мен аумақтық департамент пен басқарма басшылары қатысты.

Облыстық мәслихаттың депутаты Қайнар Абасовтың төрағалығымен өткен сессия отырысында  4  мәселе  қаралды. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бұған дейін  тұрақты комиссия отырысында  талқыланғандықтан сессияда қаралған  мәселелер  депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып отырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*