Латын әліпбиі — заман талабы

Латын әліпбиі — заман талабы екені әмбеге аян. Бүгінгі әлемнің 4 300 миллион халқы латын әліпбиін қолданады. Сол себепті қазіргі таңда оның маңызы аса зор. Жаңа технология да, болашақ инновация да латын тілінде. Ендеше көштен кеш қалмауымыз үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет. Бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ғалым Икрамжан Хашимжанов осылай мәлімдеді.

Сонымен қатар, брифингте сөз алған Қазақстан Респубикасы өзбектері «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов  Қазақстандағы өзге этнос өкілдері де латын әліпбиіне көшу бастамасын бір кісідей қолдайтындығын жеткізді.

«Бүгінде әлем халқының 4 млрд. 300 миллионға жуығы латын әліпбиін қолданады. Өйткені, латын тілі ежелден ғылым мен білім тілі саналады.  Демек, бұл бүгінгі заманның талабы. Болашақ ұрпақ латын әліпбиі арқылы терең білім алып, ғылымға ұмтылуы тиіс», — деді Икрам Акрамұлы.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында латын әліпбиінің түркі халықтарының басын біріктіретін маңызды фактор екендігі айтылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*