ОҚО-да Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 1573,5 мың гектарды құрайтын Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады. Ондағы негізгі мақсат –  қала  аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелері шешу екенін айта кеткен жөн.  Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлім етті.

Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, агломерация – экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің шағын аумаққа шоғырлануы.

«Шымкент агломерациясына 9 қала, аудан аумақтары кіреді. Болжамға сәйкес, 2020 жылға қарай агломерациясының халқы 10,3 пайызға артады деп күтілуде. Ал, 2030 жылы агломерация халқының саны базалық кезеңге қарағанда 29,7 пайызға көбейеді» , — деді Бақтыбай Елікұлы.

Айта кетейік,  жобада агломерация аумағында өмір сүрудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік, көліктік, әлеуметтік, рекреациялық инфрақұрылымдарының кешенді дамыту шаралары қарастырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*