ОҚО-да халықтың көші-қон ағынын ұстау үшін «контрмагнитті» елді мекендер құрылмақ

Еліміздің оңтүстігіндегі Шымкент агломерациясы аумағында 2020 жылдың соңына қарай халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың санын анағұрлымға арттыру көзделіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарды 35 пайызға жеткізу, ал білім беретін мектептердің санын 17 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың саны 2020 жылға қарай 11 пайызға көбейетін болады деп күтілуде. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, жалдамалы тұрғын үй құрылысының көлемі де  артатын болады.  

Бүгінгі таңда, әзірленген жобаға сәйкес, халықтың көші-қон ағынын ұстап қалу үшін «контрмагниттер» деп аталатын ірі елді мекендер дамытылады екен. Ол үшін оңтүстік бағытта Сарыағаш, ал батыс бағытында Арыс қаласы, сондай-ақ шығыс бағытында  Тұрар Рысқұлов ауылы таңдалып алынып отыр.  Халықтың ішкі көші-қон орталықтарын дамыту мақсатында серіктес елді мекендер ретінде Леңгір қаласы, Ақсу, Қазығұрт, Бадам, Темірлан, Төрткүл, Шаян елді мекендері белгіленіп отырғын да айта кеткен жөн. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*