Эволюциялық даму-ұлт өркендеуінің алғышарты

Ордабасы ауданы әкімдігінде «Қазақстанның эволюциялық дамуы — ұлт өркендеуінің алғышарты», «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы және Рухани жаңғыру мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында жиын өтті. Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы сөзді «Интелект-Эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мәжитов алып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласындағы негізгі міндеттерге тоқталды.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Әбдікерімова қазақ әліпбиінің латынға көшірілуіне қатысты маңызды қадамның игіліктері жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, Шымкент қалалық білім бөлімінің жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының магистрі Бақытжан Мұстафаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ләззат Рсмбетова тақырыпқа орай баяндама жасап, прагматизм, ұлттық код, сананың жаңғыруы туралы айтып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков бұл бағытта атқарылған тірліктерді тілге тиек ете отырып, аудан қонақтарына ордабасылықтар атынан алғысын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*