Тарихи құжат, маңызды қадам

26-қазан күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Елбасы бұл жөнінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында : «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Тарихи маңызды құжаттың қабылдануына орай, Ордабасы ауданы әкімдігінде алқалы жиын өтті. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлесін қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіні жөнінде айтты. Ардагер-ұстаз Нұридин Шәмшіұлы ендігі кезекте тіліміздегі дыбыстық жүйелердің нақ анықталып, қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатын кезең туғанын әңгімеледі. Сонымен қатар, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жүсіп те сөз алып, ойын ортаға салды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*