ОҚО-да «Қыс — 2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.  Шараға облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттері, облыстың, қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдай комиссиясы, өңірдегі дислокацияланған Қорғаныс министрлігінің бөлімдері қатысқанын айта кету керек.Сонымен қатар, шараның ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев азаматтық қорғау қызметтері мен құрлымдарының қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағдайларға әзірлігін тексерді. 

«Қыс жақындап келеді. Сондықтан қыс мезгілінде орын алуы ықтимал барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу шараларын күшейтуіміз қажет. Бұл ретте негізгі күш облыстық төтенше жағдайлар департаментіне артылады. Десек те, бұл іске басқа құрылымдық күштер де  бір кісідей атсалысуы керек», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Облыс әкімдігі алдындағы алаңда өткізілген шара барысында жол қызметінің техникалары мен төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жеке құрамның іс-қимыл көрсетілімі ұйымдастырылды.  «Жиын» дабылы бойынша жиналған жеке құрам мен техникалары толық дайындыққа келтірілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*