Ж. Түймебаев Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты.Өңір басшысы Германияны  Қазақстанның Еуропадағы саяси және экономикалық әріптесі деп санайтындығын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екендігін жеткізді.  Сондай-ақ, әкім  биылғы жылдың 9 айында  Оңтүстік Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 30  млн АҚШ долларына жетіп,  оның 27 млн долларын импорт құрап отырғанына тоқталды.

«Германия — Қазақстанның негізгі сауда әріптесі. Екіжақты қарым-қатынастар тәжірибесі Германияның сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор екендігін аңғартады. Біз германиялық инвесторлардың жаңа технологиялар әкеліп бірлескен өндіріс орындарын ашу үшін бар мүмкіндіктерді жасауға дайынбыз.  Бүгінде өңірімізде инвесторларға  тиімді жағдайлар жасалып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы — аймағымызға инвестиция тарту үшін оң жайдайды қалыптастырады. Мен осы ретте германдық кәсіпкерлермен тың жобаларды іске асыруға мүдделі екіндігімізді жеткізгім келеді. Сондықтан сіздерді экономикамыздың түрлі саласында бірлесіп еңбек етуге шақырамын», -деді Жансейіт Қансейітұлы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*