Ордабасыда халықаралық талапқа сай ұн өндіріліп жатыр

Ордабасы ауданында «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіріп жатыр. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға сай.  Ал, өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.Айта кету керек, алғаш рет жұмысын 2008 жылдың ІІ тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен дирімен құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатты. Соның арқасында қазіргі таңада осылайша тәулігіне 250 тонна өнім өндіретін диірменді іске қосылып тұр. Бұл жобаның инвестициялық құны 470 млн теңгені құрайды. Оның ішінде  өз қаржысы 280,0 млн.т. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Өндіріс-2» желісі бойынша 6 пайызбен 7 жыл мерзімге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы несиелендіріліп отыр.Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталып жатыр. Серіктестік директоры Бауыржан Сапарымбетовтың мәлімдеуінше, бүгінде диірменде 50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*