Созақ ауданында алғаш рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті

Бүгін Созақ ауданында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында ауылшаруашылығын қортындылаған жиында барлық ауыл округ әкімдіктері өз өнімдерін қойып тиімді бағада халыққа ұсынды.Өндірісті аграрлы ауданның шаруалары мемлекет қолдауымен және өздерінің тынымсыз еңбегінің арқасында биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Бүгінде жүйелі жоспарланып, жіті ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4170 бас тұсақ қойлар алынып, меже 184 пайызға,«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалды. Аудан бойынша барлығы 801 агроқұрылым тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Оның ішінде 30 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 763 шаруа қожалықтары. Осы агроқұрылымдардың ішінен 86 шаруашылық «Қазақстан Фермерлер Одағы» РҚБ мүше болып тіркелгендігін айта кетекеніміз жөн. Биылғы жылы аудан бойынша 2 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу межесі белгіленген, қазіргі таңда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*