Созақта өткен «AGROFEST-2017» фестивалінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде үздік нәтежие көрсеткен ауылдық округтер марапатталды

Созақ ауданында мемлекет тарапынан түрлі қаржы құрылымдары арқылы инвестиция тарту жолымен, ауыл шаруашылығы саласының дамуын несиелеу арқылы жаңа серпін беру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мәселен аудан аргроқұрылымдары 2017 жылдың 9 айында «Созақ несие» несиелік серіктестігі» ЖШС-нен 294,7 млн теңге, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нен 67,5 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан Облыстық Филиалы арқылы 174 млн 300 мың теңге, барлығы 536 млн 500 мың теңге көлемінде несие қаржы алынды. Мерекелік шараға, озат ауылшаруашылық еңбеккерлері, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты. Аудан әкімі С. Полатов шаруалар өндірген өнімдерімен танысты. Сахына төрінде ауылшаруашылық еңбеккерлерін кәсіби мерексемін құттықтап, жақсы нәтиже көрсеткен ауыл округтерді марапаттады. Жоғары өнім алып, барлық көрсеткіштер бойынша жылды үздік қортындылаған Құмкент ауыл округі 1 орын, 2 орынды Шолаққорған, Жартытөбе ауыл округі, ал жүлделі 3 орынды Қарағұр, Созақ, Сызған ауыл округі алды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев озат өнім алған шара қожалықтарымен дихандарға марапат тапсырды. Аудандың ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен бірқатар азаматтар да марапатталды.

Фестиваль аясында ұлттық спорттың ләңгі тебу, қошқар көтеру, асық атыу сынынан жарыстар өтті. Мерекелік шара барысы аудандық өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*