Ұласбек Сәдібеков Ордабасыдағы білім ошақтарымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Ордабасы ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен Шұбар ауылындағы №18 колледжге ат басын бұрып, тыныс-тіршілігін көрді. Айта кету керек аталмыш оқу орны 1959 жылдан бері шәкірттерді кәсіптік білімге баулып келеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ошағында бүгінгі таңда мұнда 371 жеткіншек білім алуды.Оларға 50 инженер-педагог білім береді. Оқу ғимаратынан соң Ұласбек Сәдібекұлы колледж жатақханасымен, техникалық базасымен танысты.Мұнан кейін Ұласбек Сәдібекұлы Береке ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мұндағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. «MD Constructon Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі құрылыстың кестеге сәйкес жүргізіліп келетінін алға тартты.Тапсырылуы 2018 жылға жоспарланған мектепке облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлінген. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Аққойлы ауылындағы «Аққойлы мешіт-медресесі» тарих және сәулет ескерткешіне бұрылып, бүгінгі ахуалын көрді. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*