Ордабасыда Ұласбек Сәдібековтің қатысуымен жиын өтті

ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Ордабасы ауданындағы Ынталы ауылында орналасқан Қ.Бектаев атындағы мектеп-интернатына барып, ондағы оқушылардың жағдайымен танысты.Сапар қорытындысында, Ұласбек Сәдібеков аудан активімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласындағы басымдықтарды жүзеге асыру бойынша ауданда атқарылған жұмыс барысын баяндады.

ОҚО Қазақстан халқы ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Самат Сапарбаев, облыстық тілдерді дамыту және құжаттама басқармасының басшысы Бастар Есқараев, облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары Мадияр Әліпов сөз алып, аудандағы кезегін күткен күрмеулі мәселелер жайын тілге тиек етті.
Жиынды аудан әкімі Рашид Қайыпжанов қортындылап, облыс әкімінің орынбасары мен басқарма басшылары тарапынан айтылған сын-ескертпелердің назарға алынып, жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*