Ордабасыда ауыл жастарына арналған «Ұлытау» спорт кешені ашылды

Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылында жабық кіші футбол алаңының құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. «Ұлытау» спорт кеше­нінің ашу­лы салтанатында ауыл азаматы Ораз Үндемесов, бап­кер, Қазақстан Респу­бли­касы­ның еңбек сіңірген жаттық­тырушысы Ба­қытжан Ибрагимов, «Ордабасы от­тары» газетінің редакторы Нүридін Шәмшіұлы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі ниетін жеткізді. Еркін күрестен Қазақстаның 4 дүркін чемпионы, бірнеше халықа­ра­лық біріншіліктің жеңім­пазы, Лондон оли­м­пиа­дасының және әлем чем­пионатының қол жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Шым­кент қалалық жеңіл атлетика және велоспорт мектебінің дирек­торы Нұрлан Айт­беков, Қазақ күресінің май­талманы, Қазақстан Бары­сының қола, күміс жүл­дегері Жұманазар Ерсұл­танов кешеннің лентасын қиды.
Футбол алаңшасын салдыр­ған Алтай Оңғар­бай­ұлы — еркін күрестен спорт шебері. 

— Мұнда күш атасы Қажымұқан Мұ­ңайт­пасұлы өмір сүрген, жерленген. Қа­сиетті мекен. Қазір ауылдағы екі баланың бірі күрес­пен айналысады. 90-ға таяу спорт шебері бар. Дегенмен, қазір елімізде кіші футбол кеңінен қанат жаюда. Ауыл жастары көшеде бос жүр­месін, әрі жас фут­болшылар осы елден шық­сын деген мақ­сатпен осы ғимаратты сал­дық, — деді Алтай өз сөзінде.
Кешеннің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған доп додасына 19 команда қатысып, қайнар­лықтар — бірінші, Отырар ауданы, Темір ауылы­ның командасы — екінші, төрткүлдіктер — үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға сый-сияпат тапсырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*