Ордабасыда «Жанарсызда өмір жалғасады» шарасы өтті

Қазақ соқырлар қоғамына 80 жыл толуына және Зағиптарды қорғау күніне орай бүгін Ордабасы ауданында салтанатты жиын өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков ашып, жанарынан айырылса да, қайсарлығымен, өмірге құштарлығымен өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтардың алдында бас иетінін айтты. Сонымен қатар, Зағиптар қоғамының мүшелеріне аудан әкімінің ізгі тілек, ақ ниетін жеткізді, арнайы сыйлығын тапсырды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Досова мемлекет тарапынан берілетін көмек түрлері мен оларды алу тәртібін түсіндіріп, ілгеріде де аталмыш қоғаммен тығыз байланыста жұмыс жасалатынын мәлімдеді. Облыстық Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Жандарбек Жанаев, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың директоры Бәкір Нұрманбетов өз кезегінде атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, бүгінгі іс-шараның өтуіне ат салысқан ауданның азаматтарына шынайы алғыстарын жеткізді, бірқатар азаматтарға Алғыс хат табыстады.
Қазақ соқырлар қоғамының Ордабасы аудандық бастапқы ұйым төрайымы Әйтек Зәуре де толғанысын жасыра алмай, көпшілікке жүрекжарды лебізін арнады.
Жиын барысында Қоғам мүшелері өлең оқып, көрерменді әсем әнімен де тәнті етті.
Жалпы бүгінгі таңда Ордабасы ауданында көру қабілетінен айырылған І-ІІ топтағы мүгедектер қатары 114 адамды құрайды. Жыл басынан бері 32 адамға 57 арнайы құралдар үлестірілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*