ОҚО әкімі Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара әріптестік механизмдерін талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты.Қазақстан мен Франция арасында түрлі салада тығыз байланыс орнап, дамығанын айтқан аймақ басшысы екі елдің сауда-экономикалық әріптестік байланысы бойынша 5-орында келетінін атап өтті.

«Қазақстан негізінен мұнай, металл мен металл өнімдерін, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылығы азық-түлігін экспорттауда. Ал Франциядан мемлекетіміз электронды және мехиникалық жабдықтар, тұтынушылық тауарлар, дәрі-дәрмек пен косметика, автокөліктер, тағам өнімдері мен құрылыс материалдарын импорттайды. Францияның Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бастап 2016 жылдың жартысына дейін құйған қаржысы 12,7 млрд долларды құрады. Біздің елімізде француз капиталы бар 135 кәсіпорын жұмыс істеуде. Олардың арасында «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» және басқа да компаниялар бар»,- деді Жансейіт Түймебаев.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*