ОҚО-да Жұмат Шаннинің 125 жылдығы аталып өтілді

Театр тарланы Ж.Шаниннің 125 жылдығына орай биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақ театрының атасы», «Театр тарланы»,  «Тұңғыш режиссер, драматург, театр қайраткері», «Тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы», «Жарық жұлдыз – Жұмат Шанин», «Театр және көрермен» тақырыптарында  көрмелер, кездесулер өткізілген болатын.  Аталған іс-шараларда Жұмат Шаниннің өмір жолы, еңбек жолы, адам өміріндегі театрдың атқаратын рөлі  жайында кеңінен насихатталды. Осы іс-шараларға ерекше қолдау білдірген облыс әкіміне Жұмат Шаниннің  немерелері  шын ризашылығын білдірді.«Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында атамыздың 125 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтуде. Көктемде өзіңіздің жеке қабылдауыңызда болып, іс-шаралар жоспары туралы ақылдасқан болатынбыз. Міне, бірнеше айдан соң сол айтылған, жоспарланған дүниелердің іске асып отырғанын көріп отырмыз. Осы ретте атамыздың мерейтойын өткізуге атсалысып, ерекше қолдау білдіргеніңіз үшін риясыз алғысымызды білдіреміз», — деді  Райхан Қасымханқызы.

Кездесу соңында өңір басшысы Жұмат Шанин атамыздың немерелеріне арнайы сый-сияпат жасап, «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу кешінің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.   

Атап өту керек, Жұмат Шанин атындағы қала көшесінде ұлы тұлғаға арналған мемориалды тақтасының ашылу салтанаты  және театр сахнасында Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу кеші өтеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*