ОҚО-да «RIC ON KO’RME» атты апталық жәрмеңке бастау алды

Оңтүстік Қазақстанда «RIC ON KO’RME» атты апталық жәрмеңке бастау алды. Алғаш рет ұйымдастырлып отырған жобаға «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы мұрындық болып отыр. Отандық өнімді қолдау және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған шараның салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Тауар өндіруші мекемелердің өнімдерімен танысқан өңір басшысы, кәсіпкерлердің жұмысына сәттілік тілеп, осы қалыптан тайынбай еңбек етуге шақырды.

«Енді осындай үлгіде үлкен көрме ұйымдастыру қажет. «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымының аудандарда да қаржыландырған жобалары көп. Сондықтан әр ауданда осындай жәрмеңке ұйымдастыру керек. Болашақта мұндай жәрмеңке тұрақты өткізіліп тұрса, әлеуметтік базарлар қалыптасады. Осылайша біз бағаларды арзандату және тұрақтандыруға қол жеткіземіз», — деді Ж. Түймебаев.Өз кезегінде жәрмеңкені ұйымдастырған  «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре компания халыққа қолдау көрсетуге әр қашан да дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, аталған жәрмеңке әр сенбі сайын дәстүрлі түрде жалғасатынын айтты. «Біз тек қана қаржы институты емеспіз, біздің компания даму институты болып есептеледі. Сондықтан, біз кәсіпкерлерге тек қаржы беріп қана қоймай, олардың кәсібін әрі қарай ілгерілетуге және дамытуға барынша қолдау көрсетеміз. Олар бізбен, біз олармен бірге өсеміз», — деді Қ. Байтөре.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*