ОҚО-да инвесторлар құны 157 млн евро болатын екі күн электр стансасын салады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға ниет білдірген шетелдік Германия мен Голандия елдерінен келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде шетелдік кәсіпкерлердің жобасымен танысқан облыс басшысы аймақтың экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді атап өтті.«Үш миллионға жуық халқы бар өңір үшін бұл жоба өте қажет және өте тиімді. Себебі, біз электр энергиясының 65 пайызын сырттан тасымалдап отырмыз. Өңір тұрғындарының қажеттілігі жаз айларында 350-370 МВт болса, қыс мезгілінде 450-480 МВт электр энергиясын тұтынамыз. Сондықтан да біз қажеттілікті өзімізде өндіру үшін осы сынды жобаларды жүзеге асыруымыз қажет. Бұған өңірдің табиғаты күн сәулесінен электр жарығын өндіруге өте қолайлы»,-деді әкім.

Мақтаарал ауданында екі күн электр стансасы мен асфальт-бетон зауытын салуды қолға алып жатқанын айтқан шетелдік кәсіпкерлер жергілікті билік тиісті құжаттарды рәсімдеуде қолайлы жағдай жасағанын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*