Мақтааралда асфальт-бетон зауыты салынбақ

Мақтаарал ауданында екі күн электр стансасы мен асфальт-бетон зауытын салуды қолға алып жатқанын айтқан шетелдік кәсіпкерлер жергілікті билік тиісті құжаттарды рәсімдеуде қолайлы жағдай жасағанын жеткізді. Салынатын күн электр стансасы жобасына германиялық NwComp Solar GmbH компаниясы 7 млн евро инвестиция құйып отырғанын айтқан «Компания KADI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры  Мұрат Даврешов компания Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырғанын мәлім етті.

Жетісай қаласының қоқыс полигоны аумағында салынатын электр стансасының қуаттылығы 4,8 МВт. Бүгінгі таңда рұқсат беру құжаттамалары әзірленіп, құрылыс жұмыстары  осы жылдың  қараша айында басталады деп жоспарлануда. Екінші жобаның инвесторы голландиялық VTK Investments B.V компаниясы болып табылады. Ауданнан 100 МВт күн электр стансасын салу бойынша екі жақты меморандумға қол қойылған болса, бүгінде 300 га жер бөлу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 150 млн евро.

Бүгінгі таңда инвестор Тайлан Караманли осы сынды жобаны Ақмола облысында жүзеге асыруда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*