ОҚО-да алдағы жылы 13,8 мың гектар суармалы жер айналымға қосылатын болады

Оңтүстік Қазақстан облысы алдағы жылы негізгі 4 бағытта дамитын болады.  Олар: өндіріс, егістік, мал шаруашылығы және туризм саласы. Осы аталған 4 саланы дамытуда аудан, қала әкімдері мен жауапты сала басшылары жұмыстарын жандардыру керек. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен селекторлық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Күн тәртібіндегі «Күзгі жиын терім жұмыстарының аяқталуы және ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылға белгіленген индикаторларға қол жеткізу туралы» облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, биыл өңірде егістік көлемі 29 мың 300 гектарға артқанымен, жалпы дәнді дақылдар бойынша өнім алу 1 гектардан 24,3 центнерден 22,8 центнерге кеміген. Сондай-ақ, биыл мақта алқабының да көлемі 25 мың гектарға артық егілгенімен, өткен жылдан әр гектардан өнім алу 2,6 центнерге азайған. Мамандар мұның себебін егістік көлемінің артып, зиянкестердің көбейіп кетуімен байланыстырады. 

«Биыл мақтадан бөлек, масақты дақылдардың түсімі мен алынған өнімі былтырғы жылмен салыстырған азайғанын байқап отырмыз. Мысалы, 2016 жылы әр гектардан 20,2 центнер масақты дәнді дақылдары алынған болса, биыл әр гектардан 18,3 центнер өнім алынды. Мақтарал, Созақ аудандары және Түркістан, Кентау қалаларынан басқа барлық аудандарда өнім алу көрсеткіштері азайып отыр», — деді Серік Ордабекұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*