ОҚО-да жылыжай көлемі келер жылы 1514 гектарға жетпек

Биыл оңтүстікте көкөніс пен бақша өнімдері өндіруде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Жаңа бағыт ретінде жаңғақ пен бадамша егу жұмыстары да қарқын алып келеді. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 7 мың гектарға артып, 825 мың гектарға орналастырылады деген болжам бар. Оның ішінде интенсивті баулар 804 гектарға, жаңғақ шаруашылығы қосымша 500 гектарға егіледі деп жоспарлануда. Алдағы жоспарларды бүгіннен бастап пысықтауды ескерткен өңір басшысы егістік көлемін арттырып қана қоймай, өнім сапасы мен көлемін ұлғайтуға да мән беруді тапсырды.

«Алдағы көктемгі егін егу жұмыстарына кіріспес бұрын аудан, қала әкімдері, салаға жауапты мамандар тиімділігі мол дақылдарды егу жұмыстарына сараптама жасауы тиіс. Бұл әрекет ауыл шаруашылығындағы егістік жер мен ағын суды мейлінше үнемдеуге мүмкіндік береді. Мақта саласына да жаңа технологияларды ендіру мәселесіне ден қоюды тапсырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Алдағы жылы облыста 220 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1514 гектарға жеткізілмек. Сондай-ақ, 13,8 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылатын болады. Ал, тамшылатып сурару әдісі 8,1 мың гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 66, 6 мың гектарға ұлғаймақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*