ОҚО-да алғаш рет «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты форумы өтпек

Халқының саны миллионға жуықтап еліміздегі үшінші қалаға айналып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. Басқосу «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн. Осы тұрғыда бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.«Шара аясында туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылады.  Форумға ҚХР Туризм бойынша вице-министрі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымент қатар, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысатын болады», — деді Батырхан Құрмансейіт.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*