ОҚО ардагерлері өңірдегі бірқатар зауыттардың жұмысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының 80-ге жуық ардагері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көрді.  Ондағы мақсат – ардагерлерімізді облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстармен хабардар ету болатын.Ардагерлер ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «БалТекстиль» ЖШС-нің кілем фабрикасына атбасын бұрды.  Іргетасы 2012 жылы қаланған фабрика бүгінде Орта Азиядағы кілем өндіретін ең ірі өндіріс ошағы саналады. Бүгінде мұнда 235 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі  таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталуда.  Кәсіпорын басшылығының айтуынша, биылдың өзінде зауытқа  шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан асыпты.  Фабриканың жіп иіру цехы мен кілем тоқу бөлімдерін аралап   көрген ардагерлер кәсіпорын жұмысына оң бағасын берді.«Қоғамның қазынасы,  ақылшысы – ардагерлер. Осыны ескеріп, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырған өңір басшысына алғысымыз шексіз. Облысымыздың экономикалық ахуалы күн санап жақсарып келе жатқынын байқап, біліп отырмыз. Сонда да зауыттарды өз көзімізбен көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың куәсі болуымыз біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі жерде біз ардагерлер жер-жерлерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттап, халықты ынтымақ, бірлікке үндеуіміз керек», — дейді Қазақстанның құрметті журналисі, зейнеткер Байдулла Қонысбек.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*