ОҚО-ның ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуеті артып келеді

Жалпы Оңтүстік Қазақстанда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін шетел нарығына саудалауда.

Аграрлы аймақтың шаруалары көкөніспен қатар дәнді дақылдарды да экспорттауға ерекше басымдық беріп келеді. Мәселен, жыл басынан бері шет мемлекеттерге құны 17,6 млн долларды құрайтын бидай мен 49,3 млн долларға ұн өнімдері экспортталған. Жалпы ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 211,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Ал импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрап, 4 пайызға кеміген.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*