Оңтүстіктегі 8 ескерткіш «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымына кірген

«Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша 8 ескерткіш Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік, инвестициялық форумында айтты.«Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының туристік саласын 2023 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді. Оңтүстік Қазақстан облысы «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту кластеріне» енгізіліп, кластер «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталып отыр. 1200-ден астам тарихи-археологиялық, мәдени-архитектуралық ескерткіштері, Ұлы Жібек жолы аумағындағы ең танымал және тарихи құндылығы жоғары, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы аталған мәртебені алуы – біз үшін үлкен абырой және жауапкершілік», — деді әкім.

Сонымен қатар өңір басшысы облыстың туризмін дамыту мақсатында бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*