ОҚО-да алдағы 4 жылда 84 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмақ

Алдағы жылы оңтүстікте ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 802,5 мың гектарға ұлғайтылатын болады. Сондай-ақ, алдағы 4 жылда 209 мың 700 тұрғыны бар 84 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, облысымызда жаңартылатын энергия көздерінің 14 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы қуаты 173,3 МВт құрайтын 10 жобаны 2025 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланған. «Жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес облыста бүгінгі таңда қайта өңделген қалдықтар көлемі 1,4 млн. тоннаны құрап отыр. Атқарылған жұмыстарға қаныққан өңір басшысы алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, «Жасыл экономика» тұжырымдамасының толықтай орындалуына күш салуды тапсырды.«Бүгінгі күнге облысымызда жинақталған қалдықтар көлемі 18,3 млн. тоннаны құрайды. Оның 14,1 млн. тоннасы өндірістік, 4,2 млн. тоннасы тұрмыстық қалдықтар. Бір сөзбен айтқанда қалдықтардың ортасында отырмыз. Ендігі кезекте қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түрлі заттар шығарып, кәдеге жаратуымыз керек. Сондықтан қайта өңдеу мәселесін қолға алу үшін шұғыл жоспар құруды тапсырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мәжіліс барысында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру барысы да талқыға түсті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*