ОҚО-да биыл 6500 отбасыға 19 млн. теңгеден астам қайырылымдық көмек берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Асар» қайырымдылық шарасы аясында биылдың өзінде өңірдегі баспанаға мұқтаж 8 отбасыға тұрғын үй кілтін сыйлаған. Болашақта да бұл игі шара болашақта жалғасын табатын болады. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 6500 отбасыға жалпы сомасы 19 млн. теңгеден астам қаржы көмек ретінде ұластырылып отырғанын айта кеткен жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек мәлім етті.«Мәселен, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры ең алғаш рет өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі қызметкерлерге көмек көрсетті. Қажеттілікке орай ай сайын берілетін көмектің орташа мөлшері 50-60 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, алдағы 2018 жылы облыстағы жалпы саны 1700-ден астам мешіт қызметкерлеріне көмек беру жоспарлануда», — деді Ахметжан Пірәліұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*