ҚМДБ-ның ОҚО-дағы өкілдігі «Рухани жаңғыру» аясында үндеу қабылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкілдігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» шарасы аясында Үндеу қабылданған болатын. Оның мақсаты — өңір тұрғындарын үнемшілдікке үгіттеу. Бүгінгі таңда бұл бастама көпшілік тарапынан кеңінен қолдау тауып келеді. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларына көбірек мән бірілуде.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 800-ден астам мешіт бар. Оларда 1800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Отыздан астам дін қызметкері теріс ағым жетегінде кеткен азаматтармен уағыз-насихат жүргізеді. Мәселен, биылғы жылы кереғар ағымдармен жұмыс нәтижесінде 70 азамат дәстүрлі дінге оралған. Сондай-ақ, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алу мақсатында облыстық мешіт жанынан «Әйел және қыздар» секторы мен «Әжелер мектебі» ашылып отыр.

Бұдан бөлек, облыс аумағында «Шымкент», «Сарыағаш» медресе колледждері жұмыс істеп келеді. Онда 370 шәкірт білім алып жатыр. Оның 175-і тегін оқу грантымен қамтылған. Бұл өз кезегінде білікті дін мамандарын даярлауға мол септігін тигізбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*